Kyzylorda-news.kz. Өңірде 700 мекеме өз бюджетін интерактивті картаға енгізді. Қаражаттың көлемі 737,6 млрд. теңге. Бюджет қаражатына қоғамдық бақылау жүргізу үшін картаға енгізілген ақпараттардың шынайы да жедел болуы аса маңызды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов мәлімдеді.

“Бүгінгі күнге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен енгізілген ұсыныстар нәтижесінде облыста 223,0 млн. теңгеден астам қаражаттың тиімді қайта жоспарлануына қол жеткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, әсіресе пандемиямен карантиндік шараларды ескере отырып конференция мен семинарлар, басқада көпшілік шаралар, көлік пен жиһаз сияқты тауарларды сатып алуға қатысты шығыстарға бақылау күшейтілді”, – деді Бақытжан Ниязов.

Департаменттің өндірісімен аяқталған қылмыстықтық істер бойынша 50 ұсыну енгізілді, 47 ұсыну қаралып, 3 ұсыну қаралу үстінде. 233 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Тағы да оқыңыз: