Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы туындайтын міндеттердің бірі – тікелей инвестиция тарту болып табылады. Осыған орай, аймағымызда іс-шара жоспары әзірленуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жолмырза Еламан түсіндіріп өтті.

«Жолдауда айтылғандай, шетелдік, отандық инвесторларды елімізге шақыра отырып, олардың инвест жобаларын іске асыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізуіміз керек. Оларға инженерлік инфроқұрылым дайындап, қолайлы жағдай жасауға дайын болуымыз қажет. Инвесторлар өңдеу өнеркәсібіне инвестиция салса, салаға жаңа серпін берер еді. Сонымен қатар, жаңа кәсіпорын ашылып, жаңа өнім өндіріліп, жаңа жұмыс орны ашылады. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор көмегі тиері сөзсіз», – деді Жолмырза Қайыпұлы.

Жалпы, биыл өңірге 456 млрд.теңге инвестиция тарту жоспары бекітілсе, бұл көрсеткішті 2025 жылға қарай 1,5 трлн.теңгеге дейін жеткізу бекітілген. Аталған міндеттемелерге қол жеткізу үшін инвестициялық жобаларға қолайлы жағдай жасау оның ішінде инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет. Бүгінде аймақта қажетті инфрақұрылыммен қамтылған 6 индустриялық аймақ жұмыс жасауда. Онда жалпы құны 207,7 млрд.теңге құрайтын 62 жоба орналасып, 22 жобасы іске қосылды.

Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру мақсатында «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 2021-2022 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттен 11 инвестициялық жобаға жалпы құны 5,5 млрд.теңгеге инженерлік инфрақұрылым жеткізу мәселесі қарастырылуда. Бұған қоса, қосымша тағы 4 инвестициялық жобаға инженерлік инфрақұрылым жеткізу мәселесі пысықталуда.

Жолдаудан туындайтын міндеттің бірі – «экономиканы әртараптандыру, өндірістік тауарлардың түрін көбейтіп, экспорт географиясын кеңейту» болып табылады.

Экономиканы әртараптандыру жұмыстары индустрияландыру бағдарламасы аясында іске асырылуда. Бағдарлама аясында құны 543 млрд. теңгеден асатын 46 жобаны жүзеге асыру көзделуде.

Сонымен қатар, биылғы жылы іске қосылатын 4 жобаның екеуінің өнімі инновациялық сипатта және экспортқа бағытталған, олар шыны зауыты және ас тұзын өндіретін ІІІ испан цехы. Сондай-ақ, осы жылы жаңа өнім түрін шығаратын «Шалқия» кен орнында қорғасын-мырыш өңдеу комбинаты және кальциленген сода өндірістері құрылысын бастау жоспарда тұр.

Жолдаудағы келесі міндеттердің бірі – жер қойнауын пайдалану саласы, әсіресе геологиялық барлау және жер қойнауын кешенді зерттеу ісіне тың серпін беру. Жалпы өңірде геологиялық зерттеулер үш бағытта жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: