Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс отырысы өтті. Онда 2021 жылдың көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайындық шаралары және облыс бойынша санитарлық тазалық, көркейту және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы екі мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев көктемгі егіс науқанына дайындық барысы жөнінде хабарлады.

Облыс әкімімен аудандар және Қызылорда қаласы бойынша 2021 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру сызбасы бекітілген, осы сызбаға сәйкес, үстіміздегі жылы облыс бойынша 188,2 мың гектарға егiс егу межеленіп отыр. Оның ішінде дәндi дақылдар 96,6 мың, майлы дақылдар 6,7 мың, мал азықтық дақылдар 66,4 мың, картоп, көкөнiс, бақша 18,5 мың гектарды құрайды. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 84,4 мың гектарға жоспарлануда, – деді Шахмардан Қойшыбаев.

Тағы да оқыңыз: