Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық статистика департаменті таратқан алдын-ала деректер бойынша 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 76621,3 мың АҚШ долларын құраған.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 0,8%-ға кем, соның ішінде экспорт – 38609,6 мың АҚШ доллары (1,9 есе көп), импорт – 38011,7 мың АҚШ доллары (32,9%-ға кем).

Қызылорда облысының экспорты құрылымында көпшілігін бейорганикалық химия өнімдері (ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне 47,2%), минералды өнімдер – 43,6% (тұз – 38,1%, табиғи құмдар – 4,4%, мұнай өнiмдерi – 1,1%), малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар – 9% (күріш – 5,5%, жас немесе мұздатылған балық 1,8%) құрады.

ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 47,4%), химиялық өнеркәсіп өнімдері – 15,5%, мал және, өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар – 12,9%, металлдар және олардан жасалған бұйымдар – 9,8%, тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары – 4,2%, ағаш материалдар және целлюлозды қағаз бұйымдары – 4,2%, минералды өнімдер – 2,4% әкелінді.

Тағы да оқыңыз: