Қызылорда облысында бес жылға арналған жаңа жоба әзірленуде – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда облысында бес жылға арналған жаңа жоба әзірленуде

15.09.2020, 9:20

172 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 2021-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламаның жобасы әзірленуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай мәлімдеді.

Бағдарламаға облыстағы ең өзекті мәселелер енгізілген. Елді мекендерді газдандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, тұрғын үй кешінін, ауыл шаруашылық саласын дамытуға басымдық беріледі.

«Мұнай кен орындары, экологиялық ахуал секілді мәселелер назардан тыс қалған жоқ. Бес жылдық бағдарлама аясында осы проблемаларды шешу жолдары қарастырылады. Президент Жолдауында «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы жалғасатыны айтылды. Осыған орай, биыл 8 елді мекенде 52 жоба жүзеге асырылуда. Оған 5,1 млрд. теңге қаржы бөлінді»», – деді басқарма басшысы.

2023 жылға дейінгі облыстың экономикалық даму жоспары бекітілді. Құжат 265 жобадан тұрады.

«Даму жоспары экономикалық дағдарыстан шығу, кәсіпкерлікті өрістетуге арналған. Биылдың өзінде 26 миллиард теңгені құрайтын 108 жобаны жүзеге асыру көзделген. 2071 адам жұмыспен қамтылады. Бүгінде 58-і іске қосылды. Осы жобалардың арқасында біз облыстың азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының нарығын өңіріміздің тауар өндірушілері арқылы толықтыратын боламыз», – деді Нұрғали Рахымшаұлы.

Ауыл шаруашылығы саласында 39, құрылыс материалдарын шығаруға арналған 5, қызмет көрсетуде 2, азық-түлік тауарларын өндіруде 9, азық-түлік емес тауарларын өндіру бағытында 3 жоба іске қосылған.

0

Пікір қалдыру