Kyzylorda-news.kz.  Жақында Бекарыстан би мен Жаңақұрылыс елді мекендері аралығындағы автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Мердігер мекеме «Нұрас и К» ЖШСреспубликалық және облыстық бюджеттерден бөлінген қаржыға Бекарыстан би ауылынан Арал ауданының шекарасына дейінгі 12,3 шақырым жолға құм аралыс малта тас қоспасын жайып, асфальт қабатын төсейді.

Сондай-ақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 30 жол белгісі орнатылып, жол жолақтары сызылады.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Бекарыстан би ауылынан басталған жол құрылысына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді.

Жол құрылысы жайлы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов айтып берді.

Ал, «Нұрас и К» ЖШС бас директоры Нүркен Ботабаев жол құрылысы жобасына қатысты кейбір мәселелерді аудан басшысының назарына ұсынып, өз ой-пікірлерін жеткізді.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті бөлім басшысына айтылған мәселелерге байланысты ұсыныстар дайындап, тез арада шешілу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Аудан басшысы аталған автомобиль жолының бойындағы көне темір көпір орнына жаңадан салынып жатқан су өткізгіш құбыр құрылысын да көрді.

Қазіргі таңда ұзындығы 12 метр, диаметрі 1,5 метрді құрайтын су өткізгіш құбырының құрылысы аяқталуға жақын қалды.

Тағы да оқыңыз: