Kyzylorda-news.kz Бұған дейін біз Қазалы қаласындағы 10 көше қайта жаңғыртылудан өткізіліп жатқанын айтқан болатынбыз. Кешеден бастап көшелерді асфальттау жұмыстары басталды. Мердігер мекеме З.Бұлақбаев көшесіне 800 метр асфальт төсеп, Бекетай би көшесінің жартысына қара шебень төгіп қойған.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы қаласына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Мұхтар Әуесұлы мердігер мекеме мен тиісті сала басшыларына асфальттың сапасына қатты мән беруді тапсырды. Айта кетейік, бюджеттен бөлінген қаржыға Қазалы қаласындағы С.Толыбеков, З.Бұлақбаев, Аманкелді батыр, Бекетай би, Қ.Рысқұлбеков, Ы.Алтынсарин, А.Қыстауов, Б.Момышұлы, Г.Шляпин, С.Мұқанов көшелері қайта жаңғыртылудан өткізілуде.

Тағы да оқыңыз: