Kyzylorda-news.kz. Ұлттық банк 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қор трансферттерінің валюта нарығындағы айырбасын ай сайын және тоқсан сайын жариялап отыруы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Қазақстан Президентінің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында айтқан сөзі. Мемлекет басшысы ақша-несие саясатының стратегиясы қабылданатынын да айтты. Сонымен қатар «Микро және шағын бизнес табыс салығынан 3 жылға дейін босатылады. Оларды тексеруге дәл осындай мерзімге мораторий жарияланды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы да оқыңыз: