Өңірдің дамуына мемлекеттік бағдарламалар серпін берді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Өңірдің дамуына мемлекеттік бағдарламалар серпін берді

22.10.2020, 18:00

286 0

Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда өңірлердің дамуы мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылуда. Экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын. Аталған бағдарлама аясында Қызылорда облысында 2020 жылы мемлекеттік бюджеттен 11,1 млрд.теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы хабарлайды.

Оның ішінде, елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту және суды бұру мақсатында Арал ауданы Шөміш, Қазалы ауданы Түктібаев, Шиелі ауданы Тартоғай, Шоқай, Жалағаш ауданы Далдабай, Жаңақоныс, Қызылорда қаласы Досан, Қарауылтөбе, Талсуат, Талдыарал, Белкөл, Қараөзек елді мекендерінде, Наурыз мөлтек ауданында және Қызылорда қаласында канализациялық сорғы станцияларын реконструкциялау мен жаңартуға республикалық, облыстық бюджеттерден 2,5 млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде 3,6 шақырым кәріз, 63,9 шақырым ауыз су желілері және 7 ауыз су жинау қоймасы салынды.

Көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында үстіміздегі жылы Қызылорда қаласындағы С.Бейбарыс көшесінен Жібек жолы көшесі – «Қызылжарма» арнасына дейін магистралды көше құрылысына 1,2 млрд.теңге қаржы бөлініп, жоба келесі жылға өтпелі.

Аталған бағдарлама аясында «Дипломмен ауылға» жобасы жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылға ауылдық елді мекендерге барып жұмысқа орналасқан білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, агроөнеркәсіптік кешен салаcы мамандарына 378 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төлеуге 1 млрд. теңге, жеңілдетілген несиемен тұрғын үй алуға немесе салуға 549 маманға 2,3 млрд. теңге бөлініп отыр.

Сонымен қатар, ауылдағы тұрмыс сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту, оларды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне дейін жеткізу мақсатында «Ауыл-Ел бесігі» жобасы жалғасуда. Жоба шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы тұрудың қолайлы ортасын жасау бойынша міндеттер қойылған.

Үстіміздегі жылы «Ауыл –Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша Арал ауданы Жақсықылыш, Қазалы ауданы Бекарыстан би, Шиелі ауданы Ақмая, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кенті, Шалқия, Жалағаш ауданы Жалағаш кенті, Сырдария ауданы Ақжарма, Қызылорда қаласы Ақсуат ауылдық елді мекендерде 62 инвестициялық жобаны іске асыруға республикалық, жергілікті бюджеттерден 5,1 млрд. теңге қаралды. Аталған жобалар білім, мәдениет, спорт, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы мен көлік салаларын қамтыды. Нәтижесінде, жоба игілігімен аталған елді мекендер бойынша 68 мың адам немесе ауыл тұрғындарының 15,3% қамтылып отыр.

Алдағы уақытта ,ағдарлама аясында өңірімізде тиісті іс-шаралардың жүзеге асырылуы жалғасады. Бұл өз кезегінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың өмір сұру сапасын арттыруына оң әсерін береді.

0

Пікір қалдыру