Kyzylorda-news.kz.  Ауа райының қолайсыз болуына байланысты «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының бірқатар бөлігіне шектеу қойылды – деп хабарлайды Қазақпарат.

Бүгін, 10 наурызда сағат 08.40-тан бастап республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының 12-216 шақырым аралығына көліктің барлық қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

«Ұлытау облысында ауа райы нашарлауы байқалып тұр. Жаңбырдан кейін жолдың жоғарғы қабаты бұзылған. Осыған байланысты республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка» автомобиль жолының Қызылорда қаласының шекарасынан бастап Ұлытау облысының шекарасына дейінгі аралықта көліктің барлық қозғалысына уақытша шектеу қойылды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.

Фото: Казинформ

Тағы да оқыңыз: