Kyzylorda-news.kz  Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір адамның міндетті. Бүгін, тазалықты жанына серік еткен қазалылықтар сенбілікке шығып, Қазалы ауданы аумағындағы бей-берекетсіз шашылған қоқыстарды жинастырды.

Соның ішінде, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығы, қазақ қорымы – Арзан сити аралығы, Мектепбай каналы және Тесік көпір мен 5 квартал аумағы, Водокачка елді мекеніне барар жол, қоқыстан тазартылды.

Қазалы ауданы орталығындағы жүргізілген сенбілік жұмыстарын Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап көріп, Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің әкімі Мұрат Әбсұлтановқа әрбір аймақтағы жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына байланысты тапсырмалар берді.

Тазалық жұмыстары барысында Қазалы ауданы орталығындағы ғимараттар мен кәсіпкерлік нысандардың сырт келбетіне әктеу, сырлау жұмыстарыда жүргізілді.

Сенбілік жұмыстарына Қазалы аудандық мәслихат депутаттары Талғат Әліпбаев пен Нұркен Ботабаевта атсалысып, арнайы техникалармен қамтамасыз етті.

Жергілікті жердің тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері қатысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.

Айта кетейік, жалпы Қазалы ауданы көлемінде ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына 2300-ден астам адам, 39 техника жұмылдырылып, 34,7 тонна қоқыстар тазартылды және 30,3 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы орынға шығарылды.

 

Тағы да оқыңыз: