Kyzylorda-news.kz.  HalykBank – 2019 жылдың қорытындысы бойынша жылдық есептер және орнықты даму туралы есеп байқауының «Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

«QRA» рейтингтік агенттігі 10-шымерейтолық Жылдық есептер және орнықты даму туралы есептер байқауының қорытындыларын шығарды, «Қаржы секторындағы үздік жылдық есеп» номинациясында HalykBank («Қазақстан Халық Банкі» АҚ) лауреат атанды.

Қазылар ақпараттың ашықтығын, оны талдау және банктің ақпаратты ұсыну сапасы деңгейін жоғары бағалады. Бұл банк клиенттерімен, инвесторлармен және қоғаммен құрметке, сенім мен серіктестікке негізделген қарым-қатынас құратынын білдіреді.

«Біз әлемдік трендтерді мұқият қарап отырып, өз қызметімізге үздік тәжірибелерді енгіземіз және де ақпаратты ашу сапасына ден қоямыз. 2020 жылы банк қаржылық емес есептілікті әзірлеу деңгейінде айтарлықтай нәтижеге жетті, оны үздік әлемдік стандарттарға бейімдеу бойынша үлкен жұмыс атқарып, ең ірі әлемдік аудиторлық компанияларының бірінің қолдауыменҚазақстанның қаржы секторы компаниялар арасында алғашқы болып тұңғыш рет 2019 жыл үшін орнықты даму туралы тиісті есепті дайындап, жариялады. Еліміздің 39 қаржы ұйымы таласқан «QRA» РА марапаты біздің жұмысымыздың нәтижесін мойындау болып табылады», – деп HalykBank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова атап өтті.

Жылдық есептерді бағалау әдістемесі ақпаратты ашу саласындағы соңғы трендер мен стандарттарды ескере отырып, бүкіл әлемнің жылдық есептерінің бенчмарингіне негізделеді.

Осы жылы байқау шеңберінде 2019 жылдың қорытындылары бойынша қазақстандық компаниялардың 111 жылдық есебі және орнықты даму туралы есебі, оның ішінде 39 қаржылық ұйымның және 72 қаржылық емес ұйымның есептері бағаланды.

Halyk Bank (ҚазақстанХалық Банкі) –бөлшек, ШОБ және корпоративтік банктік қызметтерді, сақтандыруды, лизингті, брокерлік қызметтерді және активтерді басқаруды қоса алғанда, түрлі сегменттерде қызмет көрсететін Қазақстандағы жетекші қаржы тобы. Банктің 1998 жылдан бері Қазақстан Қор Биржасында, 2006 жылдан бастап Лондон қор биржасында және 2019 жылғы қазаннан бастап Astana International Exchange биржасында листингі бар. Активтері 2020 жылы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 9,999.1 млрд. теңгені құрайды. Банк Қазақстандағы жетекші кредиттік ұйым болып табылады. Банк ең ірі клиенттер базасына және филиалдар желісіне ие – еліміз бойынша 613 филиал мен бөлімше. Банк Грузияда, Қырғызстанда, Ресейде, Тәжікстанда және Өзбекстанда қызметін жүзеге асырады.

«QRA» рейтингтік агенттігі 10 жылдан астам уақыт бизнес пен корпоративтік басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету саласында қызмет етеді.10 жылдан бері жылдық есептер байқауын, сондай-ақ корпоративтік есептілік бойынша семинарлар мен конференциялар өткізеді.

Тағы да оқыңыз: