Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова елордада Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте аймақта балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы қабылданғанын айтты.
«Балық аулау өнеркәсібінде биыл біз 2030 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасын жасадық, оны іске асыруға 28 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл тауарлық балық көлемін 34 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді, ал балық өнімдерінің экспорты қазіргі 4,2 мың тоннадан 8,5-ке дейін артады. 55 тауарлы балық аулау фермасы, 10 тоған, 4 торлы ферма салынады», – деді облыс әкімі.