Kyzylorda-news.kz.  Жалағаш ауданында жаңа 1383 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін тағы да 2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылатын болады. Бұл туралы аудан әкімі Асқарбек Есжанов мәлімдеді.

Жалағаш ауданында жалпы саны 35 374 халық бар. Оның 14 мыңнан астамын экономикалық тұрғыда белсенді азаматтарды құрайды. Осы ретте ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында – 1383 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жыл соңына дейін екі мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу межеленген. Жалпы Жалағаш ауданында жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрап отыр.

«Биыл 1530 адам жұмыспен қамту орталығына тіркелді. Олардың 89,8 пайызы мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар осы жылы 291 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Осы ретте айта кету керек, бағдарламаға тіркелген 857 отбасына зерттеу жүргізіліп, мемлекеттік атаулы көмек алушы отбасылар саны 13-ке азайды», – деді аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы.

Айта кетейік, бүгінгі таңда ауданда 2571 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 92,5 пайызы нақты жұмыс жасайды. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысымен жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6,6 пайызға артып, 2379 бірлікке жеткен. Яғни, ауданда жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді.

Тағы да оқыңыз: