«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының атауы өзгерді – Kyzylorda News
Басты бет

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының атауы өзгерді

25.12.2019, 10:40

583 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР Үкіметінің №955 қаулысымен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының атауы «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып өзгерді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы ҚР Сауда және интеграция министрлігіне өтеді.

«QazExpoCongressке» маңызды мемлекеттік және квазимемлекеттік халықаралық сауда-экономикалық іс-шараларын жүргізу бойынша «Бірыңғай оператордың» өкілеттігі берілетін болады. Құзыреттердің шоғырлануы стандарттар мен тәсілдерді (бірыңғай тұжырымдама, фирмалық стиль мен ұлттық нақышты) біріздендіру, бірыңғай институтционалдық жадынаманы құру арқылы қазақстандық іс-шараларды ұйымдастыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бірыңғай оператордың «толық дайын» іс-шараларды ұйымдастыруы тек қана Қазақстанның сауда-экономикалық мүдделерін қорғауға және бастамаларын ілгерілетуге мемлекеттік органдарды «қайта бағдарлауға» әсерін тигізеді«, – делінген министрлік хабарламасында.

0

Пікір қалдыру