Kyzylorda-news.kz. Үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша кен өндіру өнеркәсібіндегі шикі мұнайдың үлесі 91,5 пайызды құрады. Бұл өз кезегінде өңір экономикасының негізгі бөлігі қара алтынға тікелей тәуелді екендігін көрсетеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық индустриялды-иновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев аймақ экономикасының күре тамырына айналған мұнай-газ саласындағы жаңалықтармен бөлісіп, мұнайшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады.

“Алғаш болып Құмкөл кенінің ашылуы Қызылорданың өнеркәсіптік аймаққа айналуына негіз болды. Сәйкесінше, өңірімізде мұнай-газ класстері қалыптасты. Сыр мұнайы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары аймақ экономикасының дамуына серпін берді. Алайда соңғы 6-7 жыл ішінде мұнай өндіру көлемі қысқарды. Оған себеп қолданыстағы кен орындары табиғи түрде сарқылуы. Осыған орай, үкіметтің қаулысымен Қызылорда облысының 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіліп, жергілікті жердегі Шу-Сарыс, Арал және Сырдария шөгінді бассейндерінде геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде”,- деді басқарма басшысы Ринат Қалдыбекұлы.

Айта кетейік, бүгінде өңірде мұнай өндірумен 10-ға жуық ірілі-ұсақты компания жұмыс істеуде. Олардың барлығы дерлік әлеуметтік жобаларды қолдау мен жергілікті жерге ұдайы көңіл бөлуде. Жыл сайын аз қамтылған отбасыларға, отбасылық типтегі балалар ауылына қол ұшын созуда. Сондай-ақ дәстүрлі “Мектепке жол” акциясына мұнайшылар әрдайым қолдау көрсетіп келеді.

Тағы да оқыңыз: