Аймақ басшысы «Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесінің жұмысымен танысты – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Аймақ басшысы «Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесінің жұмысымен танысты

14.11.2020, 11:00

200 0

Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесінің жұмысымен танысты.
Өңір кәсіпкерлеріне «бір терезе» қағидатымен қызметтер көрсету мақсатында кәсіпкерлік саласындағы бірқатар мекемелер орталықтандырылып, «Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесіне шоғырландырылған. Бұл жөнінде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов аймақ басшысын жалпы Кеңсе жұмысымен таныстыру барысында мәлімдеді.

«Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесінің жұмысымен таныстыру алдымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанынан ашылған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан басталды. Орталықтың негізгі қызмет бойынша Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов таныстырды.

Одан кейін аймақ басшысына «Бизнеске арналған Үкімет» платформасының жұмысы баяндалды.
Айта кету қажет, «Бизнеске арналған Үкімет» платформасы – бизнеске барынша қолайлы жағдай жасау бағытында Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың
24 қаңтарындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасы аясында іске асырылды.

Мекеме директоры Батыржан Аймағамбетов бүгінге дейін Платформа аясында өңір кәсіпкерлері мен инвесторларға 31 мыңға жуық қызметтер көрсетілгендігін атап өтті.
Одан әрі облыс әкімі «Бизнеске арналған Үкімет» ғимаратында орналасқан облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы», сондай-ақ «Халық банкі» және «ВТБ банкі» Қызылорда филиалы және «Азаматтарға арналған Үкімет» мекемесінің жұмыстарымен танысты.

Таныстырылым соңында, аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова сала басшыларына қиын кезеңде кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетілу керек екенін атап өтіп, «Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесінің жұмысын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

0

Пікір қалдыру