Kyzylorda-news.kz. Биыл Қармақшы ауданында жалпы көлемі – 24 326 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ал егілген күріш көлемі – 12 773 гектарды құрап отыр. Сондай-ақ, ауданда 15 шілдеден бастап бидайға орақ түсіп, одан 386,4 тонна өнім алынды.

Сонымен қатар ауданда мал шаруашылығы саласында да өсім байқалады. Дәлірек айтқанда, төрт түлік бойынша өсім орташа 6,8 пайызды құрап отыр.

Биылғы жылы 4 мың гектар жоңышқа орылып, оның әр гектарынан орташа 19,8 центнерден өнім өндірілді. Сонымен қатар бүгінде жоңышқаның екінші орымын ору және жинау жұмыстары жүргізіліп басталды. Ауданда су тапшылығының алдын алу мақсатында қашыртқы суды қайта пайдалану және егістік жерлерді суармалы сумен қамтамасыз ету үшін барлығы 57 дана насос қондырғысы іске қосылған. Мал шаруашылығы саласында да өсім бар. Қазіргі таңда мал басы 6,8 пайызға артты. Атап айтқанда, мүйізді ірі қара – 5,1 пайызға, жылқы – 21,6 пайызға, қой – 2,0 пайызға, ешкі – 6,8 пайызға, түйе – 8,6 пайызға, үй құстары – 9,9 пайызға көбейді. Ауданда төрт-түлік санын арттыруға байланысты арнайы жұмыстар атқарылуда, – деді аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов.

Төрт түлігін сайлаған елдің бүгінде кәсібі алға жылжығаны байқалады. Ауылдағы елдің қолында екі мыңнан астам ірі қара, 800-ге жуық жылқы 5 мыңға тарта уақ мал болса, түйенің саны 700-ге жетіп қалды. Алақандай ауыл осылайша ауданның мал басының артуына атсалысып келеді.

Тағы да оқыңыз: