Жалағаш ауданына 400 доза вакцина жеткізілді – Kyzylorda News
Басты бет

Жалағаш ауданына 400 доза вакцина жеткізілді

16.04.2021, 16:36

369 0

Kyzylorda-news.kz. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қоймасынан коронавирус инфекциясына қарсы 400 доза вакцина арнайы жабдықталған көлікпен жеткізілді.

Оның 200 данасы вакцинаның 1-компоненті болса, қалған 200 данасы 2-компонент.

Коронавирусқа қарсы екпе індетінің алдын алу үшін ауданда наурыздың 9-нан бастап ерікті түрде вакцинациялау науқаны басталып, екпе арнайы жабдықталған аудандық орталық егу кабинетінде жүргізілуде.

Екпе егу алдында дәрігерге тексеріліп, вакцинаға қарсы көрсетілім жоқ екені анықталған соң ерікті түрде вакцина салдыруда.

Екпеден кейін дәрігерлер вакциналаудан кейінгі сақтық шараларын түсіндіруде.

Айта кету керек, осы уақытқа дейін ауданға 200 доза вакцина әкелінген.

0

Пікір қалдыру