Kyzylorda-news.kz. «Jas Otan» Орталық кеңесінің мүшесі, «Абзал және К» ТС директоры Мағжан Ералиев бастаған толық серіктестік ұжымы аудандық ауруханаға өкпені жасанды желдету аппаратын (ИВЛ) алып берді.

Аудандық ауруханаға медициналық құрылғы алып берген жанашыр азаматқа аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасы Руслан Рүстемов алғыс білдірді. Облыс төңірегіндегі компанияның ауданға жасап жатқан қызметін атап өтіп, жұмыстарына табыс тіледі.

Өз кезегінде «Jas Otan» Орталық кеңесінің мүшесі, «Абзал және К» ТС-нің директоры Мағжан Ералиев ауданға әркез қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

“Облысқа 20 млн теңгеге өкпені жасанды желдету аппаратының 5-ін алдырдық. Оның 4-ін облыс орталығына берсек, біреуін Сырдария ауданына жеткізіп отырмыз. Медициналық аппарат қозғалмалы, қолдануға ыңғайлы. Оған қоса, аудандық ауруханаға заманауи теледидарды сыйға беріп, жергілікті алма өнімін де әкелдік. Жалпы біз әлеуметтік көмек көрсету шараларына әркез қолдау білдіреміз”, — деді Мағжан Абзалұлы.

Жанашыр жандарға ауданның медицина қызметкерлері де ризашылықтарын білдірді.

Тағы да оқыңыз: