Kyzylorda-news.kz. Эпидахуалдың тұрақталуына орай инфекциялық, провизорлық, карантиндік төсек орындары 10 есеге дейін қысқарды. Жағдай күрделене түссе 3 мың төсек орын 21 ауруханада дайын.

Сондай-ақ, 200 төсек орынды тез соғылатын модульді инфекциялық аурухананың құрылысы жүргізілуде. Нысан үстіміздегі жылдың желтоқсан айында дейін пайдалануға берілмек.

“Пандемияның бірінші кезеңінде дәрі-дәрмектер тапшылығы орын алғаны белгілі. Дәл сондай жағдай қайталанбас үшін облыстың бас пульмонолог және инфекционисті сараптама жүргізіп, қоры «COVID-19» індетін емдеу хаттамасына сәйкес жасақталды”,-деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

Тағы да оқыңыз: