Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 480-ге жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 276. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Соңғы тәулікте 15 дерек тіркелді. Оның 11-і індет жұқтырғандармен байланыста болса, ал 4-еуі скринингтен анықталды», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 5121 азамат анықталды. Оның ішінде, 2923-і жақын қарым-қатынаста, 2198-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.