Қызылордада коронавирус инфекциясынан 4 адам емделіп шықты – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада коронавирус инфекциясынан 4 адам емделіп шықты

04.12.2020, 10:20

287 0

Kyzylorda-news.kz. Өткен тәулікте Қызылорда қаласында 4 науқас коронавирус инфекциясынан айығып, бақылаудан алынды. Дәл сол күні облыс көлемінде бұл індетпен тіркелген науқас жоқ.

Ағымдағы жылдың 3 желтоқсан күні облыс зертханаларына 1277 сынама тапсырылып, тексерілген 250 сынамадан індет анықталмады. Қалған 1027 сынама бойынша мамандар жұмыс жасауда. Бүгінде зертханалар қорында 16041 қалдық тест бар. Қазіргі таңда облыс бойынша инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде 4 науқас, инфекциялық стационарда – 19 науқас ем алуда.

0

Пікір қалдыру