Қызылордада «COVID-19» вирусын жұқтырғандар қатары 448-ге жетті – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада «COVID-19» вирусын жұқтырғандар қатары 448-ге жетті

03.06.2020, 10:20

347 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада коронавирус жұқтырғандар саны 448 адамға жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінің баспасөз алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов хабарлады.

Соңғы тәулікте 23 дерек тіркелді. Анықталған 23 жағдайдың 20-сы Қызылорда қаласынан, 3-уі Жаңақорған ауданынан тіркелді.

Бүгінгі күнге инфекциялық стационарда 161 науқас ем алуда. Оның ішінде 4 науқас жансақтау бөлімінде. Екеуінің жағдайы өте ауыр деп бағалануда, ИВЛ аппаратына қосылған. Екеуі ауыр күйінде қалуда.

Тәулігіне алынған 818 тест сынамасының 625-і теріс мәнді, 23-і оң мәнді болып шықты. Қалған сынамалармен жұмыс жасалуда.

Айта кетейік, аймағымызда бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 448 дерегі тіркеліп отыр. (Қызылорда қаласында – 237 жағдай, Арал ауданы – 47, Қазалы ауданы – 7, Қармақшы ауданы – 7, Сырдария ауданы – 27, Шиелі ауданы – 75, Жаңақорған ауданы – 48).

0

Пікір қалдыру