Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық онкологиялық орталығының мәліметі бойынша, диспансерлік есепте 1132 адам тіркелген. ҚР-да-180 мыңнан астам адам. Бұл туралы МӘМС қорының облыстық филиалы хабарлады.

Облыста қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 53,5 құрады (427 жағдай). Республикада – 100 мың адамға шаққанда 76,0 (14 060 жағдай), ал ауру көрсеткіші – 100 мың адамға шаққанда 142,5 (ҚР – 100 мың адамға шаққанда 196,4).

Алайда, ерте сатысында анықталған  көптеген ісіктерді емдеуге болады. Бүгінгі таңда қатерлі ісік ауруының ерте диагностикасы жақсарғаны қуантады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды міндетті медициналық сақтандыру аясында жылына бір рет әр сақтанушыға тегін тексеруден және кәсіби тексеруден өтуге шақырады.

Қазір елімізде ақысыз түрдегі скринингтің үш түрі бар: сүт безі қатерлі ісігі (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін), колоректальды қатерлі ісік (50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер үшін), жатыр мойны обыры (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін). Скрининг тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша емханада тегін жүргізіледі.

Қазақстанда онкологиялық аурулардың ең көп кездесетін түрлері: сүт безі, өкпе обыры, колоректальды обыр, жатыр мойны және асқазан обыры.

Тағы да оқыңыз: