Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінде жұмыс істеп жүрген 12 дәрігер қызмет етіп жатыр.

Жаза басып, қылмыс жасаған айыпталушылар мен сотталушылар қамаққа алынып, темір торға телміріп жаны жүдеп, сырқаты үдеген шақта, жанға – дауа, дертке – шипа болар дәрігерлер мен мейірбике, мейіргерлер тергеу изоляторында да тегеурінді еңбек етіп келеді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінде жұмыс істеп жүрген 12 дәрігер бар. Соның ішінде фтизиатор А.Асқарова, хирург Б.Жұмандықов, стомотолог С.Шадиев, терапевт Г.Бисенбаева мен фелдшер Т.Назар, мейіргер М.Орынбасардың еңбектері ерекше. Тергеу изоляторына келіп түскен айыпталушылар мен сотталғандар мекемеге келген кезде, мекемеден айдауылданып кеткенде, босатылар алдында және 6 ай сайын флюграфиялық, АИТВ тексеруден өткізіліп, дене жарақаттарының бар жоғы медицина қызметкерлері тарапынан тексеріліп тұрады. Сотталғандар мен айыпталушылар арасында ауру мен өлім жағдайларын төмендетуге бағытталған ауруға шалдыққандарға уақытылы диагноз қою мақсатында №6 қалалық емханадан уролог, эндикринолог, лор мамандарымен бірігіп профилактикалық, медициналық тексеру жүргізіледі.

Жүргізілген профилактикалық тексеру бойынша 2019 жылдың 12 айында 114 арнайы контигент өтті. Мекемедегі денсаулық жағдайына шағыммен келген науқастар дәрігердің тағайындауымен дәрігерлік бөлім палатасына жатқызылады.  Мекемеде 7 емдеу палатасы бар. Оның бірі ана мен балаға арналған бөлме. Мекемедегі сотталушылар мен айыпталушылар тарапынан ең көп сұранысқа ие хирург, кардиолог, стоматолог дәрігерлері.

Стоматолог дәрігер С.Шадиев қабылдауында болған 396 сотталған азаматтың 169-ның тісін емдеп жазған. Дәрігердің ем қабылдауында болған сотталушылардың айтар алғысы шексіз. Ақ халат киген бұл мамандық иегерлерінің жалынды жастық шақтары осылайша жабық мекемедегі жаны жаралы, жүрегі қаяу мұңға толы жандарды науқасынан айықтыруға арналған. Дәрігерлер мен мейіргер, медбикелердің сотталушылар мен айыпталушыларға деген кәсіби тұрғыдағы жылы қарым-қатынасы, аз да болса көңілдеріне қуаныш сыйлап, мейірім ұялатары анық.

Тағы да оқыңыз: