Kyzylorda-news.kz. 10.05.2020ж. сағат 09:30 уақыты бойынша өңірімізде “Covid-19” вирусын жұқтырғандар қатары 229-ға жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Тіркелген 3 жағдай да Қызылорда қаласынан анықталды.
Айта кетейік, аймағымызда бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясының 229 дерегі тіркеліп отыр.(Қызылорда қаласында –92 жағдай, Жаңақорған ауданы – 31, Арал ауданы – 6, Сырдария ауданы – 26, Қармақшы ауданы – 5, Шиелі ауданы – 66, Қазалы ауданы – 3). Барлығының жағдайы бақылау барысында бірқалыпты.

Тағы да оқыңыз: