Қызылорда облысында қауіпті індеттен жазылғандар саны 19-ға жетті – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылорда облысында қауіпті індеттен жазылғандар саны 19-ға жетті

18.04.2020, 11:40

1195 2

Kyzylorda-news.kzҚызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 19 адамға жетті.

18 сәуір 12:40-тағы ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 2 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Осылайша қауіпті індеттен айыққандар саны өңірде 19 адамға жетіп отыр.

Айта кетейік, Қызылорда қаласында – 6, Жаңақорған ауданында – 11, ал, Шиелі ауданында – 2 адам осы індеттен емделіп, үйлеріне шығарылған.

Олар аладғы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.