Kyzylorda-news.kz. Бүгін, яғни 15.05.2020 ж. сағат 13:00 уақыты бойынша аймағымызда коронавирус індетінен тағы 5 науқас емделіп шықты.

Емделушілердің емі толық аяқталған соң, 2 рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар “Covid-19” вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйлеріне қайтарылды.

Індетті жеңген 5 науқас Қызылорда қаласынан емделіп шықты.

Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.

Осы күнге дейін өңірімізде індеттен айығып шыққандар саны – 188.
(Кызылорда қаласы – 53, Арал ауданы – 4, Қазалы ауданы – 3, Қармақшы ауданы – 5, Сырдария ауданы – 26, Шиелі ауданы – 66, Жанакорған ауданы – 31).

Тағы да оқыңыз: