Қазақстанда коронавирусты жастардың жиі жұқтыратыны белгілі болды – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстанда коронавирусты жастардың жиі жұқтыратыны белгілі болды

06.05.2020, 11:00

508 0

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың дені 20-25 жас аралығындағы жастар. 

Бұл санатта 666 адамда COVID-19 расталып отыр, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Оның айтуынша, соңғы бірнеше күнде бір тәулікте коронавирусқа шалдығудың жаңа жағдайлары 3 проценттен көп емес.

Сондай-ақ, министр COVID-19 жұқтырғандар скрининг кезінде анықталғанын айтты.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 4 277 адамда коронавирус расталды. Науқастардың саны Алматы (1 392 адам) мен астана (754 адам) ең көп.

Өңірлер арасында әлі де ең көп жағдай Қызылорда облысында тіркелген. Облыста 216 адам індетке шалдықты.