Kyzylorda-news.kz. “Абди Ибрахим Глобал Фарм” ЖШС-нің бас директоры Зиятхан Гасанов коронавирустан қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Зиятхан Ахмедұлы Гасановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

“Ол алғашқылардың бірі болып медицина қызметкерлері мен қазақстандықтарға коронавирус инфекциясымен күресуге көмектесіп, өкінішке қарай, осы індеттің кесірінен көз жұмды”, – делінген комитеттің хабарламасында.

“Зиятхан Ахмедұлы өз ісінің шебері болды, ол еліміздің фармацевтика саласының дамуына зор үлесін қосты. Оған қоса, өзінің сырқаттанып жүргеніне қарамастан, жалпыға бірдей төнген қауіпке бей-жай қарамай, COVID-19 вирусымен күресуге өлшеусіз көмегін тигізді. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныш құралдарын тегін берді”, – дейді комитеттегілер.

10 сәуір кешке Алматыда тағы бір адамның өлімі тіркелді. Коронавирустан 1963 жылы туған ер адам көз жұмды. Бұл Қазақстанда қауіпті індеттен қайтыс болған оныншы адам.

Тағы да оқыңыз: