Kyzylorda-news.kz. Қармақшы аудандық ауруханасы тағы бір жаңа автокөлікпен толықты.

“Samruk Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды қорғау қоры Қармақшы аудандық ауруханасына көмек ретінде медициналық көлік табыстады.

Chevrolet Damas көлігінің базасында жасалған медициналық-санитарлық көлік (ИВЛ аппапраты,пульсоксиметр, экг аппараты, дәрігерге арналған көмек көрсету жиынтығы бар) алдағы уақытта халықтың игілігі үшін қызмет ететін болады.

Ал қайырымдылық қорына аурухана басшылығы алғаусыз алғысын білдіреді. Енді жедел жәрдем бөліміне келіп түскен шұғыл шақыртуларға дер кезінде қызмет көрсету мүмкіндігі көбейді.

Халықтың денсаулығы қашанда ең маңызды мәселе болып қалады. Ал азаматтардың денсаулығын жақсарту, ем-дом шараларын жүргізу ақ халатты абзал жандардың міндеті.

Сол дәрігерлерге көмек пен қолдау көрсетіліп жатса медицина саласы қарқынды дамитыны сөзсіз.Медицина көлігі Жосалы кентіндегі “Шипагер ” бөлімшесіне пайдалануға берілді.

Тағы да оқыңыз: