Kyzylorda-news.kz.Қазақстанда ауыр өкпе қабынуы кезінде дексаметазон қолданылатын болды.

Бұл препарат елімізде өлім көрсеткішін төмендетуі мүмкін. ДДСҰ бұған дейін дексаметазонның кішігірім дозасын қолдану арқылы ауыр науқастар арасындағы өлім-жітімді төмендетуге болатынын мәлімдеген болатын. Қазақстанда коронавирустық инфекцияны емдеу туралы хаттама толықтырылды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова өзінің “Facebook” парақшасында.

«Хаттамаға амбулаториялық кезеңдегі емдеу схемасы кіреді: гидроксихлорохин және лопинавир/ритонавир. Сонымен қатар енді стационардағы науқастар Жапония мен Ресейде COVID-19-ды емдеу кезінде кеңінен қолданылатын «Фавипиравир» препаратын алады. Ауыр өкпе қабынуы кезінде Дексаметазон қолданылатын болады.  COVID-19 патогенезінің негізгі буынында микро және макротромбоздың дамуын ескере отырып, антикоагулянттық терапия схемалары жаңартылады», – деді Людмила Бюрабекова.

COVID-19-ды емдеудің жаңартылған хаттамасының толық мәтінін мына сілтемеден оқи аласыздар.

Тағы да оқыңыз: