Коронавирустың жыныстық жолмен жұғуы мүмкін бе? – Kyzylorda News
Басты бет

Коронавирустың жыныстық жолмен жұғуы мүмкін бе?

19.03.2020, 12:30

759 0

Kyzylorda-news.kz. Украиналық танымал дәрігер Евгений Комаровский коронавирус жайлы көрермендерді толғандырған 25 сұраққа жауап берді. Маманның сөзінше, вирустың жыныстық қатынас арқылы жұғатынына еш дәлел жоқ.

Комаровскийдің сөзінше, коронавирустың жыныстық қатынас арқылы жұғатынына ешқандай дәлел жоқ. Алайда індеттің көздің шырышты қабаты, дененің жоғарғы бөлігі арқылы (сүйісу, тыныс алу) тез жұғатынын ескерген жөн.

Одан бөлек, сарапшы статистикаға сүйене отырып, шылым шегетіндердің темекі тартпайтындарға қарағанда инфекцияны тез жұқтыратынын айтты.

Сондай-ақ, маман халық арасында кеңінен танылған оксолин жақпа майы, көк лампалар сынды қорғану құралдарының коронавируспен күресуге дәрменсіз екенін жеткізді.