Kyzylorda-news.kz. 13 адам Қазақстанда жүріп қауіпті вирусты жұқтырған, 29 адам сырттан жеткізсе, 26-сы солармен ұшақта қарым- қатынаста болғандар. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, коронавирус жұқтырғандардың 80 пайызында ауру симптомдары білінбеген немесе аздап жөтелу белгісі ғана болған. 

“13 адам Қазақстанда жүріп қауіпті вирусты жұқтырған, 29 адам сырттан жеткізсе, 26-сы солармен ұшақта қарым-қатынаста болғандар”, –деді министр журналистер жолдаған сұраққа жауап бере отырып. 

Сонымен қатар, ол шетелде коронавирус жұқтырған Қазақстан азматтарының жағдайын баяндады.

“Германияда коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматының жағдайы жақсарды. Ол ауруханадан шығарылды. Қазір неміс дәрігерлерінің бақылауында карантинде жатыр. Венгриядағы азаматымыздың жағдайы қанағаттанарлық. Ауруханада ем қабылдап жүр. Біздің дипломаттар онымен және дәрігерлерімен байланысып тұрады”, – деді Дәурен Абаев.

Тағы да оқыңыз: