Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына сәйкес, облыстық жедел жәрдем стансасының қызметкерлері арасында, коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатындағы оқу-жаттығудан 49 шақырыс тобы өткізілді.

Соның ішінде, Қызылорда қаласынан 8 топ, әр аудандар арасында 9 бригадалық жасақ, барлығы 17 бригада арнайы анықталған науқастарды, күдікті немесе шағымданғандарды тасымалдауға машықтанды.

Дегенмен де, облыстық жедел жәрдем стансасының барлық қызметкерлері күшейтілген, қырағы жұмыс режиміне көшірілген.  Жеке қорғаныс костюмдері, бір реттік бет перделер, қолғаппен, антисептиктермен қамтылып отыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдың наурыз айына жедел жәрдем стансасының  82 қызметкеріне, яғни дәрігерлер мен орта буын және фельдшерлерге, жүргізушілерге сәйкесінше 425 мың және 212 мың теңге аралығында үстем ақы төленген.

Тағы да оқыңыз: