Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 465, ал сипмтомсыз-50 азамат. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте 4 дерек тіркелді. Оның ішінде, Қызылорда қаласынан-2, Шиелі-1, Жаңақорған-1 жағдай. Сынама тесттің қорытындысы бойынша симптомды ағымды коронавирус инфекциясының жағдайы», – деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 5344 азамат анықталды. Оның ішінде, 3140-ы тікелей қарым-қатынаста, 2204-і жанама байланыста болған.

Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Тағы да оқыңыз: