Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 515, ал симптомсыз- 165 азамат. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Соңғы тәулікте 15 дерек тіркелді. Симптомды жаңа 8 жағдайдың – бесеуі скринингтен , Үшеуі қарым – қатынастан арқылы болса, ал – 7-і симптомсыз, оның 2 – індет жұқтырған азаматпен байланыста болған, 2 – скринингтен, 3 – өз еркімен ақылы тест сынамасын тапсырғаннан,  анықталды»,- деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 6001 азамат анықталды. Оның ішінде, 3641-і  тікелей қарым-қатынаста, 2360-і  жанама байланыста болған.

Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Тағы да оқыңыз: