Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекциядан жазылған науқастардың саны 55 адамға жетті. Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қармақшы, Сырдария және Шиелі ауданының тұрғындары.

24 сәуір 15:30-дағы ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 9 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Осылайша қауіпті індеттен айыққандар саны өңірде 55 адамға жетіп отыр.

Ерекше атап өтерлігі – Қармақшы ауданында осы індетке шалдыққан 4 науқастың барлығы жазылды.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Қызылорда қаласында – 9, Жаңақорған ауданында – 16, Шиелі ауданында – 23, Қармақшы ауданында – 4, Сырдария ауданында – 3 адам осы індеттен емделіп, үйлеріне шығарылған.

Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.

Тағы да оқыңыз: