Kyzylorda-news.kz. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын алдын-алу шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

-Қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;

– Қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;

– Адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;

– Науқас адамдармен байланыста болмауға;

– Суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.

Бұл жағдайда мынаны ескеру қажет:

– бетпердені тек сізде тұмау белгілері болған жағдайда ғана кию қажет; – коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық себептер бойынша жүргізіледі.

Айта кету керек, бұл мәселе – барлық қазақстандықтардың әлеуметтік жауапкершілігі болып табылады.

Тағы да оқыңыз: