Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын әлдендіруге және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жаңа шешімдер айтты. Әсіресе, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалар мен алдағы жоспарлар белгіленді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова індетке қарсы атқарылған шараларға тоқталып, денсаулық сақтау саласының алдағы міндеттерін саралады.

«Жолдауда Президентіміз адамзаттың көптеген қауіпті індетті бастан өткергенін және вакцина пайда болғаннан кейін ғана аты жаман дерттерге тосқауыл қойылғаның ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Жолдауында ДДСҰ тіркелген вакциналарды тезірек сатып алуды тапсырды. Біздің облысқа екпе науқаны басталған ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін 1-компонентті 314 700 доза вакцина, 2-компонентті 274 290 доза вакцина жеткізілді. Қазіргі уақытта облыста вакцинаның 3 түрі бар. Олар: Гам-КОВИД-Вак (“Спутник V”), «Qaz Covid-in», «Sinopharm Vero Cell» қолданылуда. Оған қоса «Hayat-Vax», «Коронавак» вакциналарымен коронавирус инфекциясына қарсы екпелердің 2 туры жалғастырылуда. Бүгінгі күні облыс бойынша коронавирус инфекциясының 17037 жағдайы тіркелді. Басым көпшілігі коронавирус инфекциясына қарсы екпе алмаған адамдар арасында тіркелуде. Ал жан сақтау бөлімдерінде ем қабылдап жатқан науқастардың 95 пайыздан астамы вакцина салдырмаған азаматтар. Бүгінгі күні вакцина қабылдаған бірқатар еңбек ұжымдарында коллективті иммунитет қалыптасты деп айтуға болады. Себебі, былтырғы жылы медицина мамандары арасында коронавирус инфекциясына шалдығу жағдайлары көптеп орын алған болатын. Сонымен қатар Жолдауда, медицина саласын дамытуға қомақты қаржы бөлінетіндігі және ол қаражат инфрақұрылымға, маман даярлауға, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалатындығы айтылды. Бүгінгі күні сала мамандары көрсетіліп жатқан қолдауды сезініп отыр. Індетпен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлерге, санитариялық бақылау саласы қызметкерлеріне үстеме ақы төленуде. Міне, Жолдауда осындай маңызды басымдықтар айтылды, жаңа міндеттер жүктелді. Ендігі жерде Жолдауда айтылған әр тапсырманың жүйелі жүзеге асуына атасылысып, ұлт саулығы жолында сапалы қызмет етпек керек»,-деді Әлия Мүтәліпқызы

Тағы да оқыңыз: