Kyzylorda-news.kz. Бауыр циррозынсыз созылмалы “В”, “С” және “D” вирустық гепатиті диагнозы қойылса, не білуіңіз керек?

Егер сіз Д-есепте тұрсаңыз, осы аурулар кезінде медициналық көмек тегін және толық көлемде – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан көрсетіледі.

Динамикалық бақылау туралы не білуіңіз керек?
Орта медицина қызметкері тексеруді 3 айда 1 рет жүргізеді
БМСК дәрігерінің қарауы – 6 айда 1 рет болады

Қандай бақылау зерттеулерінен өту керек?
Тромбоциттермен қанның жалпы талдауы – 6 айда 1 рет
Қанның биохимиялық талдаулары: аланинаминотрансфераза(АЛТ), аспартатаминотрансфераза(АСТ), фракциялар бойынша жалпы билирубин, креатинин, Альфа-фетопротеин (АФП) – 6 айда 1 рет
Коагулограмма: халықаралық нормаланған қатынас (ХНҚ) – 6 айда 1 рет
“В” вирустық гепатитіне (HBV-ДНҚ) полимеразды-тізбекті реакция сапалы, оң нәтиже кезінде “В” вирустық гепатитіне (HBV-ДНҚ) ПТР жүргізу сандық – 6 айда 1 рет
бауыр УДЗ – жылына 1 рет
бауырдың жанама импульсті эластометриясы (Фиброскан) – 2 жылда 1 рет
“B”, “С” (F2 фиброз сатысында) және “D” созылмалы вирустық гепатиті кезінде пациенттер өмір бойы диспансерлік есепте тұрады.

Созылмалы “С” вирустық гепатитінде (фиброз сатысында F1-ден кем) пациенттер элиминация, яғни ауру толық жойылған жағдайда ғана есептен шығарылуы мүмкін.

Тағы да оқыңыз: