Kyzylorda-news.kz. Бұған дейін «Ashyq» жобасына қатысты объектілерге (субъектілерге) шектеу шараларын белгілейтін №12 Қаулының күші жойылды.

Дегенмен “Ashyq” жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандардың қызметі ҚР Бас мемлекеттік сандәрігерінің 30.04.2021 жылғы №18 Қаулысымен реттеледі.

06 сәуірде қабылданған №13 Қаулыға сәйкес:

  • Балаларды сауықтыру ұйымдарының жұмысына белгіленген тыйым алынып тасталды. Енді бұл ұйымдар толтырылуы 30%-дан аспаған жағдайда белгіленген талаптарды сақтай отырып, қызмет көрсетуді бастай алады;

  • азық-түлік тауарларын сату бойынша супермаркеттер, гипермаркеттер жұмысына толымдылығы мен уақытына белгіленген шектеулер алынып тасталды. Бұдан былай аталған нысандар штаттық режимде жұмыс жасайды;

  • ашық аспан астындағы азық-түлік және азық-түлік емес базарларына белгіленген шектеулер алынып тасталды, енді бұл нысандар да штаттық режимде жұмыс жасай алады;

  • стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек) жұмыс кестесін штаттық режимде ұйымдастырады;

  • мекеме қызметкерлерінің жұмыс жасау нысанына қатысты да келесі өзгерістер енгізілді: міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес жұмыскерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады;

  • мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізуге рұқсат берілді.

Бұған дейін ғимарат ішінде орналасқан қоғамдық тамақтану орындары сағат 09.00-20.00 аралығында, ал ашық алаңдағы объектілер 09:00-22:00 аралығында жұмыс жасаған болатын. Жаңа Қаулыға сәйкес орналасқан жеріне қарамастан барлық қоғамдық тамақтану орындары сағат 09.00-20.00 аралығында, ал асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысы 24.00-ге дейін ұйымдастырылады;

  • бір мезгілде 30 адамнан асырмай жинақтай отырып, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат берілді.

Тағы да оқыңыз: