Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі таңда әлем халықтары, оның ішінде біздің елімізде коронавируспен күрес жұмыстарын жалғастыруда. «Covid-19» вирустық инфекция қатарына жатады. Яғни, ауру ауа арқылы тарап, азаматтарға ауа арқылы жұғады.

Сондай-ақ, қазіргі таңда түрлі штамдар шығып жатыр. Яғни вирустың таралуы мен түрленуі күннен күнге күрделеніп барады. Әрине бұл ретте баршамыздың бойымызды қорқыныш билейтіні рас. Дегенмен әрбір аурудың емі де болатыны секілді, коронавирус инфекциясының да емі, яғни жояр жолы табылды. Ол – вакцина.

Өткен жылдан бері шетелдік және отандық ғалымдар бұл дертпен күресу үшін вакцина жасау жолында көп тер төкті. Ендігі кезекте, әрбір азамат екпе жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, вакцина қабылдаса, бұрынғы күндеріміз қайта келер еді.

Сол себепті вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға асығайық.

Шолпан Арғынбаева,

«Сенім» емханасы директорының пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі бойынша орынбасары

Тағы да оқыңыз: