Сезім Азаматова: Вакцина – кеселді жеңудің жалғыз жолы – Kyzylorda News
Басты бет

Сезім Азаматова: Вакцина – кеселді жеңудің жалғыз жолы

14.07.2021, 15:20

393 0

Kyzylorda-news.kz. Соңғы уақытта әлем елдері бойынша коронавирус індетіне қатысты ахуал күрделеніп кетті. Қауіпті вирустың жаңа мутацияланған «Дельта- штам» түрі жұртшылықты алаңдатып отыр. «COVID – 19» жеңе алмай жатқан тұста, бұл ақ халатты абзал жандарға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында №4 қалалық емхананың медицина қызметкері Сезім Азаматова баяндады.

«Дельта- штам» туралы не білуіміз керек? Ең біріншіден, бұл дерттің адам денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіретінін естен шығармау керек. Қарапайым тұмау белгілері байқалған бойда медициналық көмекке жүгінген дұрыс. Клиникалық белгілерге мән бермеген жағдайда, сырқат асқынып кетеді. Бұл кезде медициналық көмек нәтиже бермеуі мүмкін. Дертті жұқтырмау үшін ертерек вакцина салдырып, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға үлес қосқан дұрыс», – деді Сезім Азаматқызы.

0

Пікір қалдыру