Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментімен жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде Қызылорда қаласының тұрғынына емханалардың бірінің медбикесімен коронавирусқа қарсы вакцина алғандығы жөнінде жалған вакцинация паспортын жасау дерегі анықталды.

Ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізу оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жалпы бүгінгі күнге облыс бойынша коронавирустық инфекцияға байланысты жалған вакцинация паспортын ақпараттық жүйеге енгізгені үшін және жалған ПЦР-тест дайындау, өткізу, пайдалану бойынша төрт дерек тіркелді.

Қазіргі таңда бұл қылмыстық істер бойынша да тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізгені үшін ҚР ҚК-нің 206-бабымен және жалған құжатты дайындау, өткізу, пайдаланғаны үшін ҚР ҚК-нің 385-бабымен қылмыстық жауапкершіліктер көзделген, яғни ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша ең ауыр жаза төрт жылға дейінгі және ҚР ҚК-нің 206-бабы бойынша ең ауыр жаза үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Тағы да оқыңыз: