Kyzylorda-news.kz. Коронавирус таралуы бойынша “қызыл” аймаққа өткен өңірлерде Ashyq қолданылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

“Қатаң карантин енгізу мәселесі қандай да бір өзгеріс жағдайында қаралады. Бірақ бүгінде Нұр-Сұлтан ғана “сары” аймақта орналасқан. Өңір “сары” аймақта тұрған кезде бизнеске жүктемесі бар қандай да бір қатаң шектеу іс-шараларын енгізу көзделмеген. Бірақ “қызыл” аймаққа өткен жағдайда Ashyq жүйесі енгізілуі мүмкін”, – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова.

Оның айтуынша, шектеу іс-шараларын екі кезеңде енгізу көзделіп отыр.

“Бірақ бұл іс-шаралар ұлттық кәсіпкерлер палатасымен талқыланып жатыр. Шешім ВАК-та қаралу нәтижесі бойынша қабылданады”, – деп түйіндеді ол.

Тағы да оқыңыз: