Kyzylorda-news.kz. Өткен тәулікте елімізде 58 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
12 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 783 адам коронавирус инфекциясынан (–1 604+ және 179 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 130 пациент стационарда, 1 653 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.