Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының коронавирусты жұқтырған тұрғыны дүниеге әкелген балаға жасалған тест нәтижелері оның ағзасында инфекцияның жоқ екенін көрсетті, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырған әйел 9 сәуір күні босанды. Жаңа туған нәрестеде COVID-19 вирусының жоқ екені анықталды», – деді Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов.

Еске сала кетсек, кеше Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел аман-есен босанып, дүниеге салмағы 2970,0 грамм, бойы 51 сантиметр сәби әкелген болатын.

Айта кетерлігі, Қызылорда облысында 104 адам коронавирусты жұқтырған, оның 4-еуі бүгін тіркелді.

Тағы да оқыңыз: