Коронавирус: WhatsApp қайта жіберілетін хабарламаларға шектеу қойды – Kyzylorda News
Басты бет

Коронавирус: WhatsApp қайта жіберілетін хабарламаларға шектеу қойды

07.04.2020, 18:00

712 0

Kyzylorda-news.kz. WhatsApp мессенджері коронавирус туралы жалған ақпараттардың таралуын алдын алу мақсатында қайта жіберілетін хабарламаларға шектеу қояды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы компанияның мәлімдемесінде айтылады.

Енді біреуден келген хабарламаны басқа чатқа бір рет қана жіберуге болады.

«Былтыр біз бірнеше рет жіберілетін хабарламалардың концепциясын көрсеткен болатынбыз. Енді біз ол хабарламаларға шектеу қойып жатырмыз. Біреуден келген хабарламаны басқа чатқа бір-ақ рет жолдауға болады», – дейді WhatsApp өкілдері.